Бір атақты орыс актері енді таныла бастаған сəті болса керек, алғашқы шетелдік гастроліне аттанады. Шетел. Қонақ үй. Бөлмесінің кілтін алып есігін ашады. Жып-жинақы кіп-кішкентай бөлме. Төсек, шкаф, жуынатын бөлме.
Киімі де көп болмағандықтан шкафты ашпайды да. Тек бір жаманы терезесі жоқ екен. Гастроль бір аптаға созылды. Таңертең ерте кетіп, кеш оралып жүрді. Қонақүй қызметкерлері актерды көрген сайын таңырқап қараушы еді. Осылайша бір апта өтіп, кетер күні бөлмені тапсыру үшін қонақүй қызметкерлерін бөлмеге шақырады. Қызметкерлер есікті тықылдатып, күлімсіреп амандасып бөлмеге кіреді.
Ары қарай таңқаларлық жағдай болды: қызметкер шкафтың есігін ашып оған кірді. Сөйтсе, актер, бір апта бойы үлкен терезелері бар керемет люкс номерінің кіре беріс бөлмесінде тұрыпты. Өзінің бұл кіреберіс бөлмеден үлкенге лайық екенін ойламапты да. Төсек деп ұйқтап жүргені аяқ киім шешуге арналған диван екенін түсінеді.
Актер отыра қалып күле бастайды. Сосын жылайды. Жіберіп алған мүмкіндігіне өкінеді. Ол өзінің жоғары дүниеге лайық екенін түсінбегеніне налиды.
Əрқашан тағдыр бергеннен артыққа ұмтылу керекпіз.Осы əңгімені естігенде, көбіміз мына есіктің арғы жағында үлкен терезе, барлық əлем, керемет мүмкіндіктер бар екенін білмейміз де ау деп ойладым. Барға қанағат етіп өмір сүріп үйреніп қалған қанша адам...
Керек жағымызға жүзудің, барынша ұмтылудың орнына толқын жағалауға қашан өзі лақтырып шығарғанын күтеміз. Сөйтеміз де, Оо, осы еді маған керегі!- деп өзімізді жұбатамыз.
Анық осы ма еді? Дұрыс, бергеніне-шүкіршілік етіп, одан да көбіне ұмтылуға болады ғой.
Неге бар есікті ашып көрмеске?
Көп есіктің біреуінің артынан қажетімізді міндетті түрде табамыз ғой. Өмірдің кіре берісінде өмір сүрмей, орнымыз тек төрде екені əрдайым ойымызда болсын.
Ержан Тиш
mazhab.kz