Жүкті әйелдерге шалқадан жатып ұйықтау қауіпті
Жүкті әйелдерге шалқадан жатып ұйықтау қауіпті

Ғалымдардың айтуынша, сәбидің аман-есен дүниеге келуі анасының төсекте қалай жатып ұйықтайтынымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Science Alert басылымына сілтеме жасап. 

Манчестер университетінің ғалымдары 1 000 жүкті әйел қатысқан зерттеу жұмысын жүргізді. Олардың 291-інің сәбиі өлі күйінде туған. Яғни осы шақалақтардың өлі күйінде тууына анасының жүктілік кезінде қалай ұйықтағаны тікелей әсер еткен.

Мұнымен қатар, ғалымдар жүктіліктің 28-аптасынан кейін сәбилердің өлі күйінде туу қаупі екі есе жоғарылайтынын айтқан. Осы мерзімнен бастап жүкті әйелдерге шалқадан жатып ұйықтауға болмайды. Анасы шалқадан жатқан кезде ішіндегі сәбиіне қан бармай қалуы мүмкін.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 3510
0 пікір
Блог туралы