Отыз жыл ораза ұстаған адам шайтанға қалай жем болды?
Отыз жыл ораза ұстаған адам шайтанға қалай жем болды?

Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда,кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып: 
- Мен бүгiн оразамын! Кезек берiңдер. Қарным ашты,шөлдедiм! — деп шу шығарады. 
Әлгi айқайшы әр адамға соны айтып,бiр-тiндеп алға жақындай бередi.Отыз жыл бойы ораза ұстаған кiсi басында мән бермей тұрғанмен,бiр кезде шыдамы таусылып: 
- Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса,отыз жыл бойы ораза тұтқан мен бiрiншi алуым керек емес пе? 
Сен неге бiр күн тұттым деп, елдi қырып кете жаздап тұрсың?! — деп ашуланыпты. 
Сонда әлгi кiсi қарқылдап күлiп жiберiп: 
- Саған отыз жыл бойы сөзiм өтпеп едi. Ендi мiне, оразаңды мiндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың. 
Маған да керегi осы едi, — деп көзден ғайып бопты Шайтан.

Мазмұны; Ешкімге міндет қылмай, жариялап, жарнамаламай, шама келгенше жасырып, орындап жүрейік парызымызды.
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!!!

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 4995
1 пікір
  • Жақсы ескерту...
    Ал парыз оразаны жасыру дегенге келсек, дінімізде парыз ғибадаттарды жария орындау, нәпіл амалдарды жасырын орындау құптарлық. Парыз барлық мұсылмандарға міндет болғандықтан, басқаларға үлгі болған дұрыс. Иә, әрине, тек көрер көзге орындау қай жағынан болса да, қате әрі қауіпті екені тағы бар..
    7 жыл бұрын
Блог туралы