Қоғамда шу шығарған бір жағдай туралы...
Қоғамда шу шығарған бір жағдай туралы...

Құдай басқа бермесін, егер азғынды қылмыс үстінде ұстаса, кез-келгеніміз оны аямас едік. Бірақ менің бір таңғалғаным, әлгі педофильге бәрі бірдей «ату керек, асу керек, өлтіру керек, шауып тастау керек» деп жатқаны болды. Елдің эмоциясы арқылы арзан ұпай жинап жатқандары қаншама! Ойлап қараңызшы, есі дұрыс адам осындай азғындыққа бара ма?! Адамның жаны түршігетін мұндай қылмысқа ол ауру адам болғаннан кейін барып отыр. Ол – науқас, кемтар адам. Енді, «дені саулар» осындай кемтарды келіп жазалағалы жатыр. Тіпті кейбірі маняктардың ойына да келмейтін жаза түрін ұсыныпты. Сонда сіздердің одан қай жерлеріңіз кем?! Түкке тұрмайтын арзан эмоциясын көрсетіп, полицейді жақтап кеткендері тіпті қызық болды. Сонда олар педофильдің орнына өзі барып тұрса, әлгі полицей өзіне тиіспейтін еді, «жанашырлықпен» қарайтын еді деп ойлайтын сияқты ма, қалай?! Мен керісінше шырылдап жатқан педофилге жаным ашып кетті. Өйткені ол дені сау адамның емес, таяқ жанына батқан ауру адамның, кемтар адамның жанайқайы болатын. Ал бәріне бірдей қол көтеріп жаман үйреніп қалған полицейлер оны ұрғаннан «ләззат» алып жатқандай болып көрінді. Полицейлерде ұрған сайын рахаттанатын осындай «патология» бар екенін бәріміз білеміз ғой. Осыны түсінбей, оны жақтап кеткендердің қылығынан бір жарыместік байқалып тұрды. Жарайды, бұны қоя тұрайық. Қазақтың арасынан бір айда бір емес, үш бірдей педофиль шыққаны ешкімді ойлантпапты. Бұл әлі басы. Өйткені мына өздеріңіз сияқты «патологиясы» көп ауру қоғам алдағы уақытта одан да зорғысын, одан да өтіп кеткендерін өмірге әкелуі мүмкін..

Жолымбет Мәкіш
Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2841
0 пікір
Блог туралы