Туристер Кубер-Педидегі шұңқырда не барын көргенде есінен танып қала жаздады (ФОТО)
Туристер Кубер-Педидегі шұңқырда не барын көргенде есінен танып қала жаздады (ФОТО)

Тарақандар Жер ғаламшарындағы ең жаны сірі тірі жан болып есептелетін. "Ядролық соғыс болса тек тарқандар ғана тірі қалады" деген қалжыңдар да жиі айтылатын. Шын мәнісінде, бейімделу жағынан адамды ештеңе басып оза алмайтын шығар. Адамдар Сібірдегі қалың қардың ортасынан Африканың ыстық джунглиларына дейін қалалар салды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Мақалада айтылатын елді мекен, адам шын қаласа барлық жағдай жасай алатынын тағы бір мәрте дәлелдейді. Аустралиялық Кубер-Педи қалашығы әдеттегі қарапайым қала секілді көрінеді. Алайда қызықтың барлығы жердің астында жасырынған.

 

Қалада мұндай белгілер өте көп. Кубер-Педидің жарты тұрғыны жердің астында тұрады. Бұрын бүтін бір қала жердің астында болған. Аталмыш қала Аустралияның ең құрғақ аймағы Виктория шөлінде орналасқан. Мұнда су тапшы. Бұрында тұрғындар бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан құдықтан су алып келетін. Қазір қалаға су құбыры жүргізілген.

 

Кубер-Педи жылтыр тастың астанасы болып есептеледі. Әлемдегі бұл құнды тастардың 30% дәл осы жерден табылады. Қала тұрғындарының көбі тау-кен өндірісінде қызмет еткен. Сондықтан, жер астындағы үй олар үшін өте ыңғайлы еді. Кейбірі үйінен шахтаға шығатын тікелей жол жасаған.

 

Қазір мұнда барлығы өзгерген. Тау-кен өндірісімен айналысатын Кубер-Педи қалашығы мыңдаған туристі қабылдайтын қалаға айналды. Қазір туристік индустрия қалаға асыл тастардан кем емес кіріс алып келеді. Десек те, ерекше қала әлі күнге дейін жылтыр тастың астанасы болып есептеледі. Кубер-Педиге келген қонақтар жер асты үйлерінде тұрып көруді армандайды. Мұнда тұрғын үйлермен қатар жер астында салынған қонақ үйлер, дүкендер, мейрамханалар және шіркеу бар.

 

Кубер-Педиде жол көрсетілген нұсқаулықтар бар. Қалада тұру оңай емес. Онда ауа-райы өте ыстық. Су алтымен тең. Өсімдік мүлде өспейді. Осыған қарамастан Кубер-Педи тұрғындары өмір сүруге ыңғайлы ортаны қалыптастыра алды.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет,  http://qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2914
0 пікір
Блог туралы