Үйді сүре ме?
Үйді сүре ме?

«Сүру» дегенді қазір «снос» дейтін сөздің қазақша баламасы етіп алып жүр ғой. Бұл осыдан он жыл бұрын шыққан сөз. Тіпті оны ең алғаш қай телеарнада қолданғанына дейін білемін. Бұл - «сүргілеу» деген cөздің мағынасы майысқан түрі. Оны ойлап тапқан «авторды» да жақсы білемін. Қазақта сондай бір сөз бар екенін ары ойлап, бері ойлап, есіне түсіре алмаған да, кейін сосын кішкене қиыс кетіп, осындай «инновация» ойлап тапты. Әлі күнге дейін «заманауи» деген шатпақтан қалай қашсам, бұл сөзге де басында дәл солай қарсы шыққанмын. Бірақ, «БАҚ» дейтін адуынды машина оны айналымға енгізіп жіберді. Ал негізі, «сүру» (сүргілеу) - «жону» деген сөздің синонимі. Оны үйдің демонтажына қатысты қолдануға келмейді. Бір кісілер оған «күрелді» деген сөзі балама етіп ұсынып жатыр екен. Үйді ешқашан күремейді. Күрейтін (онда да бұзылған үйдің орнын тегістеу үшін ғана күрейді) болса да, үйді алдымен «БҰЗЫП» барып күрейді! «Снос» деген сөзді «қирату» деп «қазақшалаған» да дұрыс емес. Қирату – көбіне қасақана, әдейі немесе абайсызда, байқаусызда болатын нәрсе. Үйді тек қана БҰЗАДЫ!

Жолымбет Мәкіш
Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2971
0 пікір
Блог туралы