Қазақ әжей 70 жасқа келсе де әлі күнге дейін көлік жүргізіп жүр (фото, видео)
Жасы 70-ті алқымдаған атыраулық Нәсіп Төлегенова өз қатарластарынан ерекшелігі – әлі күнге дейін көлік жүргізіп, мал шаруасымен айналысады, немерелерін мектепке тасымалдайды. Қазір ақ жаулықты ана Исатай ауданы, Жанбай ауылында тұрады. «Ақ Жайық» тілшісі әженің ауылына барып, әңгімелесіп қайтқан еді. “Мен өмірге келетін 1948 жылдар, соғыстан кейінгі уақыт, ауылда жоқшылықтың кезі болды. Әке-шешем қасында жетелеп жүріп құмаршықпен, шырмауықпен асырап өсіріпті. Мектепке баратын жылымда әкем нарын құмынан Жанбайға қоныс аударып, мал шаруашылығын кәсіп еткен. Мен сегізінші сыныпты аяқтаған...