Хазіреті Омар (р.а.) дүниедегі бес нәрсенің қасиетін айтып былай бейнелеген екен...
Хазіреті Омар (р.а.) дүниедегі бес нәрсенің қасиетін айтып былай бейнелеген екен: «Көп сырластарды көрдім, бірақ тілімді сақтаудан артық сырлас таппадым. Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. Көп мал-мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды көрмедім. Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артық жақсылық көрмедім. Көп тағамдардың дәмін таттым, бірақ сабырдың дәмінен тәтті дәм таппадым».