Мұзға қатып қалған аққуларға адамдар көмекке келді (ВИДЕО)
Мұзға қатып қалған аққуларға адамдар көмекке келді (ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысында мұзға қатып қалған аққулар құтқарылды деп хабарлайды Dalainform тілшісі.

2020 жылғы 18 қарашада жергілікті әкім орынбасарынан төтенше жағдай қызметіне Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған. Айналасындағы мұзды жарғанмен, оларды ешкім алып шыға алмаған. Аққулардың түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалу қаупі туындаған.

Осылайша, Төтенше жағдай министрлігінен мәлім болғандай, оқиға орнына өңірдегі өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқаруға атсалысты.

«Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды. Жабайы құстар – аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешіліп жатыр», – дейді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 жыл бұрын 2020
0 пікір
Блог туралы