Ұйқыдан оятатын төсек пайда болды. Ол уақыты келгенде көтеріліп адамды шығарып тастайды. Оның дабылы қосылғанда бір сәтке де күтпестен көтеріліп кетеді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.
Төсек «5 минут жата тұрайыншы» дегенді түсінбейді. Уақыты келгенде автокөліктің дыбысындай қоңырау ойнап, оятады.
Ерекше оятқышты инженер Колина Фурза ойлап тапты.
Төсек өнертапқыштың гаражында құрастырылған. Оған бұл туралы YouTube арнасының қолданушысы идея тастаған.
Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін MAX режимін орнатыңыз.