Түркістанда ұзындығы 3,5 метрлік тарихи қолжазба табылды
Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына қатысты шежіренің бір бөлігі мен арнайы мөр басылған құжаттар табылды, деп жазды egemen.kz Шағатай тілінде жазылған қолжазбаның ұзындығы - 3,5 метр. Сақталуы орташа деңгейде. Тарихи жәдігерді Жүсіп атаның ұрпақтары атадан-балаға мирас етіп, көздің қарашығындай сақтап келген. «Бұл қағаздардың қолымда сақталып қалу себебі, 8 жасымда атам, 18 жасымда әкем өмірден өтті. Атам әкеме, әкем маған аманаттап кетті. Өткен ғасырда бұл қағаздардың бармаған жері қалмапты. Кеңестік жүйе бұл қағаздарды қолдануға, тарихымызбен шұғылдануға рұқсат бермеді. Ол...