Жаңа үй алып, иттерін тастап кеткен: Қазақстандықтар жаппай көмектескен отбасының қылығы еріктілердің ашуын тудырды (видео)
Таразда өрттен зардап шеккен отбасы қайырымды жандардан сыйлық ретінде алған жаңа үйге қоныс аударып, ескі ауласында екі иттін қалдырып, тіпті шынжырларынан босатпай тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Жануарлардың әлсірегені соншалық, олар тіпті үре де алмаған. Оқиға орнына келген еріктілер қорқынышты көріністің куәсі болды: иттердің бірінің сүйектері көрінеді, ал екіншісі шынжырдан босануға тырысқан сияқты, темірқұрсауға оранып, не отыра, не жата алмаған. "Біз шынжырларды шешіп жатқанда, иттер қолымызды жалап жатты ... Оларды бірден орталыққа апардық, жылы қоршауларға...